Біздің өміріміздегі экология мәселелері және оларды шешу жолдары

2 қараша, 2024

9, 10 және 12 топ куратор-эдвайзерлері Р.С. Туребекова, Л.К. Мамытбекова және К.С. Якубаева «Біздің өміріміздегі экология мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Оқытушылар студенттермен үнемі, тіпті тұрмыстық деңгейде кездесетін экологиялық мәселелер туралы сөйлесті. Біздің планетамыздың экологиясын жақсарту туралы білімді кеңейту біз сияқты қарапайым адамдарға өзекті мәселелердің бірі. Біз планетаға күнделікті өмірде белгілі бір ережелерді сақтау арқылы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға септігімізді тигізе аламыз. Үйден ұзақ уақытқа шығып кеткенде жарық пен суды өшіру, суды үнемдеу т.б. Егер әр адам осы қарапайым ережелерді ұстанатын болса, онда ол планетаның ауасын тазартуға, энергияны үнемдеуге және тұрмыстық техниканы қолдануда белгілі бір ережені сақтауға көмектеседі. Мұндай әңгіме жастардың қоршаған ортаға гуманистік көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.