Тұрақты даму мақсаттары- «Теңсіздікті жою»: студенттер мен ғалымдардың пікірі

1 қараша, 2024

 

1 қараша күні Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениет.kz” клубы: жетекшісі Кудерина А.Н., клуб мүшелері: «6В03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 2,3 курс  студенттері ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсаттары Теңсіздікті жою: студенттер мен ғалымдардың пікірі» атты мәдени іс-шара өтті. Атаулы тақырыптың өзекті мәселелерін ортаға салған 2 курс студенттері: Тоқтар Нұрай: “Әйел қауымы арасындарғы теңсіздікті жеңу» Жаппар Луара: “Экономикалық теңсіздік және оны шешу жолдары, Есболат Жаннұр: «Гендерлік теңсіздік: мәселелер және оларды шешу перспективалары» атты тақырыптың өзектілігін көтеріп, шешу жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар тақырыптың өте ауқымды контекстін түсіну үшін, факультеттің білікті мамандарынан яғни филос.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кантарбаева Ж.О., филос.ғ.к. Аликбаева М.Б., псих.ғ.к. Сейітнұр Ж.С. филос.ғ.д. доцент,  Жолдубаева А.Қ. дан бейнесұхбат алынды. Пікір бөлісіп, ой бөлісу барысында, әлем мен қазақ қоғамындағы теңсіздіктің алуан түрлі бейнелерін анықтады. Сонымен қатар теңсіздікті болдырмау мен оның шешу жолдарын тауып, талдау жасау, сондай-ақ кәсіби әдістерді қолдану арқылы әлеуметтегі теңсіздіктерді азайту мәселесі шешілмек деген ойға тоқталды.