Пре-саммит қонақтары Алматының көрікті жерлерін аралады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен QS Higher Edicashion: Asia Pacific 2024 пре-саммит жұмысы ресми аяқталғаннан кейін қонақтар үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Құрметті қонақтар «Медеу» мұзайдынында, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында, Үлкен Алматы шатқалында болды. Қатысушылар Қазақстанның зияткерлік өмірімен ғана емес, оның көрікті табиғатымен де танысуға бірегей мүмкіндік алды.
Медеуде қонақтар әйгілі мұзайдынын тамашалап, әлемдік спорттық рекордтар жасалған кешеннің жаңа кейпін көрді. Экскурсияға қатысқан қонақтар аспалы жолмен Шымбұлаққа көтеріліп, Алатау шыңдарының ерекше көрінісіне куә болды. Шетелдік қонақтар Үлкен Алматы шатқалына, Аюлы сарқырамасына барып, әйгілі «Жапон соқпағымен» жүріп өтті.
Пре-саммит қонақтары іскерлік бағдарламадан кейін демалып қана қоймай, Қазақстанның табиғи байлығы мен туристік әлеуеті туралы мол мағлұмат алды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі