Қытай-Қазақстандық халықаралық және салыстырмалы құқық орталығы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы жанынан халықаралық және салыстырмалы құқық бойынша Қазақстан- Қытай бірлескен оқу-зерттеу орталығы ашылды.
Аталған жоба Харбин технологиялық институтымен бірлесе жүзеге асырылды.
Орталықтың мақсаты – білім мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту. Орталық екі елдің академиялық әлеуетін дамытуға ықпал ететін білім және инновациялар алмасу алаңына айналады.
Халықаралық және салыстырмалы құқық саласында бірлескен зерттеулер жүргізу мен өзекті мәселелерді талқылау үшін конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру орталық қызметінің бір бағыты болмақ. Сондай-ақ орталық халықаралық құқық саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеуді де жоспарлап отыр.
Аталған орталықтың ашылуы алдағы уақытта заң ғылымы мен білімін дамытуға, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер туғызатын болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі