- Басты бет
- Жаңалықтар
- Молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі Жунусбаева Жазира Қабылқызына «10500 – Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді
Молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі Жунусбаева Жазира Қабылқызына «10500 – Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді

Молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі Жунусбаева Жазира Қабылқызына «10500 – Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Бұл жетістік оның биология ғылымдарының дамуына қосқан зор үлесінің, сондай-ақ оқу және ғылыми-зерттеу қызметіндегі жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігінің дәлелі болып табылады.
Жазира Қабылқызы кафедраның жұмысын тиімді басқарып, студенттер мен жас зерттеушілерге білім беріп, ғылыми зерттеулер жүргізуде үлкен тәжірибе жинақтады. Оның молекулалық биология мен генетика саласындағы еңбектері жоғары бағаланып, ғылыми қауымдастық арасында кеңінен танымал.
Жунусбаева Жазира Қабылқызын жаңа ғылыми атағымен құттықтай отырып, ғылым мен білім беру саласындағы болашақ жетістіктеріне сәттілік тілейміз!
Басқа жаңалықтар

