Өмір сапасын арттыру – қоғам дамуының маңызды мәселесі

4 қараша, 2024

4 қараша, 2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология факультеті, Түркология және тіл теориясы кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) ұйымдастыру барысында «Өмір сапасын арттыру – қоғам дамуының маңызды мәселесі» атты тақырыпта семинар ұйымдастырылды. Кафедраның аға оқытушысы, PhD докторы Р.Ж. Кондыбаева және оқытушы, филология магистрі Г. Нәбиева аталған тақырып аясында өмір сапасын арттыру – қоғамның тұрақты дамуының негізі екеніне ерекше тоқталып өтті. Студенттерге  денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау және экологиялық қауіпсіздік сияқты салаларды қамтитыны жайлы ақпарат берілді. Жақсы өмір сүру деңгейі азаматтардың әл-ауқатын көтеріп, қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдікті нығайтады. Сондықтан, әрбір адамға сапалы өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды.

Ұйымдастырушы:  Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Р.Ж. Кондыбаева және оқытушы, филология магистрі Г. Нәбиева