ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕРТИФИКАТТАЛҒАН КИБЕРНОМЕТР МАМАНДАРЫ
2024 жылдың 16 қыркүйегі мен 25 қыркүйегі аралығында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты (БАжҚББИ) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасымен бірге Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 4 - Сапалы білім беру, ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік) жүзеге асыру аясында психологтар, педагогтар, басшылар, менеджерлер, ұйымдастырушылар, әлеуметтік қызметкерлер үшін "Психологиядағы, педагогикадағы, менеджмент пен кәсіпкерліктегі жүйелі кибертренингтік технологиялар" тақырыбында офлайн форматта біліктілікті арттырудың практикалық курсын өткізді. Оқу шетелдік тренерлер - Финляндиядан келген тәуелсіз зерттеушілер Белолы Василий Саввович пен Белолы Надежда Александровнаның жетекшілігімен өтті.
Курс бағдарламасы қызықты ақпараттарға толы болды.
Курстың теориялық бөлімінде психологиядағы бірлескен іс-әрекет тұжырымдамасы, Н.Н. Обозов бойынша бірлескен іс-әрекеттің өзіне тән процестері мен факторлары қарастырылды: үйлесімділік, жұмыстас болу, тұлғааралық өзара қатынастар және өзара әрекет, ынтымақтастық, бәсекелестік, топаралық бәсекелестік; Р.Ламберт-Обозов Н.Н. - Белолы В.С. кибернометрді жасау тарихы мен теориясы. Сабақтар дәрістер, практикалық сабақтар және пікірталастар форматында өтті.
Курстың практикалық бөлімі "кибернометр" деп аталатын аппараттық-техникалық құрылғымен танысуға және онымен жұмыс жасауға бағытталды. Кибернометр психологиялық диагностикада, зерттеулер мен тренингтерде құрал ретінде қолданылады.
Практикалық сабақтардың негізгі мақсаты:
- педагогикалық, зерттеу, көшбасшылық және әлеуметтік қызметте табысты жұмыс істеу үшін маңызды және қажет кибернометрде жұмыс істеу икемділіктері мен практикалық дағдыларын дамыту;
- педагогикалық және басқарушылық мәдениетіндегі, менеджменттегі ынтымақтастық жағымды психологиясының негіздерін қалыптастыру;
- тиімді ұжымдар үшін кадрлық резервтерді ұтымды пайдалануды үйрету.
Тренерлер сонымен қатар қолдану саласына байланысты кибернометрдің қағаз нұсқасын жасауды үйретті және қатысушыларға алған білімдерін практикалық қолдану үшін өз бетінше оқу және тапсырмалар үшін материалдар берді.
Курс қатысушыларының қатарында әртүрлі мамандықтардың өкілдері: әскери, ЖОО оқытушылары, ЖОО мен психологиялық орталықтың әртүрлі бөлімшелерінің басшылары, сауықтыру орталығының қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар болды.
Курс қатысушылары Финляндиядан келген тренерлер - Белолы Василий Саввович пен Белолы Надежда Александровнаның идеяға беріліп жұмыс жасайтындықтарын, дайындық деңгейі мен шеберліктерін, сондай-ақ профессор Кабакова Майра Победовнаның кәсібилігі мен тамаша ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалады.
Оқу барысында алған білімдері, практикалық икемділіктері мен дағдылары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.
Осылайша, психология, педагогика, менеджмент және кәсіпкерліктегі жүйелі кибертренингтік технологиялар бойынша курс сәтті өткізіліп, қатысушыларға білім мен психология саласында құнды тәжірибе мен білімдер берді.
Курсты ұйымдастырушы және дәріскер: Кабакова М.П., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры.
Жауаптылар: Муса Қ.М., 2-курс докторанты, Манарбекова Ж.К., 2-курс магистранты.