Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) «Жақсы денсаулық пен әл-ауқат» атты 3 бағытына сәйкес Философия және саясаттану факультетінің №9 студенттер үйінде 2024 жылдың 02 қарашасында Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Б.А. Аринова, К.Ш. Молдасан, М.Д.Мурзагуловалардың ұйымдастыруымен «Ментальды денсаулық»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенттері қатысып ментальды денсаулықтың әртүрлі қырлары талқыланды. Студенттер өздерінің сабақта алған білімдерін практикалық тұрғыда ортаға салып, адамның жан дүниесінің саулығының өмірдегі мәні, сол сияқты күйзеліс пен уайымның денсаулыққа зияны және оларды болдырмаудың жолдары туралы пікір алмасты.Дөңгелек үстел барысында көрсетілген бейне материалдарды талдау тренингтік ойындарға жалғасып, кері байланыс орнатылды.