ТДМ-17: №18 Студенттер үйінің 5-қабаты жаңа жиһаздармен жабдықталды
Қоғамның, оның ішінде студенттердің мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қағидалар мен құндылықтарға, ортақ көзқарас пен ортақ мақсаттарға негізделген серіктестік қатынастарды орнатпай, тұрақты даму мақсатын табысты іске асыру мүмкін емес.
Осылайша, тұрақты даму мақсатының 17-бағытын іске асыру аясында Заң факультетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасының профессор-оқытушылары және кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор С.Ж.Сүлейменованың жетекшілігімен №18 Студенттер үйінің 5-қабатына көркемдеу және жаңа жиһаздармен жабдықтау жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылды.
Студенттердің сабаққа ыңғайлы дайындалуы үшін екі оқу залына кітап қоюға арналған шкафтар мен сөрелер сатып алынды, сонымен қатар кафедра қызметкерлері заң әдебиеттерін, шабыт пен жағымды көңіл күй сыйлайтын көркем шығармалар мен әдебиеттерді оқу залдарына сыйға тартты.
Сабақтан тыс уақытта студенттердің өзара әңгімелесу мен өз идеяларын, жоспарларын талқылауы үшін демалыс аймағы жабдықталды. -қабатты жабдықтау барысында кафедра оқытушылары студенттердің талап-тілектерін ескерді, жатақхананың студенттік кеңесінің төрағасымен тығыз байланыс болды.