ҚазҰУ QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде 29 орынға ие болды

6 қараша, 2024

2025 жылғы Азияның үздік университеттері – QS Asia University Rankings 2025 рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақ ұлттық университеті 29-орынға ие болды.

QS Quacquarelli Symonds аға вице-президенті Бен Саутердің айтуынша, Қазақстанның Азияның үздік университеттері QS Asia University Rankings рейтингіндегі ұстанымдарының күшеюі  – жоғары білім берудің ең жоғары стандарттарына сәйкестікке және халықаралық танудың өсуіне бейілділігін көрсетеді.

22 қазақстандық ЖОО көрсеткіштерін жақсартуда, үш ЖОО өз позицияларын сақтады, ал Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – бір жылдық үзілістен кейін рейтинг тізіміне оралды.

Еліміздің жетекші үш жоғары оқу орны рейтингтің алғашқы топ-100 университет санатында тұр. Оған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен қатар қазір 89-шы орында тұрған Satbayev University қосылды.

QS өңірлік директоры Сергей Христолюбов «Қазақстандық жоғары оқу орындарының саны Азияның үздік университеттері – QS Asia University Rankings рейтингінде 35-ке дейін өсті. Бұл-елдегі жоғары білім тарихындағы абсолютті рекорд»,–деді.

Білім беру ортасының жоғары сапасы рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының басты бәсекелестік артықшылығы болып саналады. Рейтингте қазақстандық жоғары оқу орындарын одан әрі ілгерілетудің негізгі мүмкіндігі халықаралық ғылыми ынтымақтастықтарға қатысу, ғылыми өнімділікті арттыру және қазіргі заманғы ғылыми күн тәртібіне ықпалын кеңейту болып қала береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі