17 ТДМ жүзеге асыру шеңберінде ҚазҰУ және «Зерде» білім беру орталығы студенттерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына баруы

6 қараша, 2024

ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары мен “ZERDE” оқу-білім беру орталығының Түркия  мемлекетінен келген тыңдаушылары ТДМ 17 аясында  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына барды. Ұлттық кітапхана – ұлттық және әлемдік рухани мұраны жинақтайтын және сан мыңдаған оқырманның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ағартушылық қызметті жүзеге асырып отырған бірегей мәдениет орталығы. Кітапхана қызметкерлері шетелдік тыңдаушыларға кітапхана қорында әлем халықтарының тілдерінде 7 млн сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталатыны, қорға жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отыратынын және күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман келетін айтып өтті. Оқырманға қызмет көрсететін 15 оқу залымен таныстырды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат берілетінін айта келе, тыңдаушыларға оқырман билетін табыс етті.

 Кітапхана түрлі ұйымдармен серіктестікте жұмыс істеп, білім алмасуға, халықалалық ғылыми және мәдени байланыстарды дамытуға жағдай жасайды. Сондай-ақ, ол әртүрлі оқырмандар мен зерттеушілер үшін білім көзі ретинде қызмет етеді, ақпаратты ашық және қолжетимді ұсынады. Осылайша, Ұлттық кітапхана – ТДМ 17 шеңберінде мәдениет  пен білім беру саласындағы серіктестікті  қолдап, қоғамның интеллектуалдық және рухани дамуына үлес қосатын  бірегей орталық.