БІЛІМДІ ҰРПАҚ -ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

1 қараша, 2024

ОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ "ZERDE" оқу-білім беру орталығында оқитын шетелдік тыңдаушылардың қатысуымен "Абайдың қара сөздері- тәрбие көзі" атты іс шара өтті. Шарада Түркменстаннан келген тыңдаушы Реджепов Байрамгелди Абай атамыздың қара сөздерінің тәрбиелік құндылығыннан алған әсеріне тоқтала кетті.

Мақсаты: тыңдаушылардың Абайдың шығармашылығына деген қызығушылығын тудыру, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз мәнерін қыр-сырымен таныстыру, дәстүр мен жаңашылдық ,оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Ұрпағың білімді болса, болашағың жарқын. Ал болашақ бүгінгі жастардың қолында📖 Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі келешектің келісті келбеті.