"Өмірдің өзі философия" тақырыбында семинар-пікірталас өтті. Farabi University

"Өмірдің өзі философия" тақырыбында семинар-пікірталас өтті. 

6 қараша, 2024

Орнықты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» бағыты барысында Дүниежүзілік философия күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, архивтану және құжаттану, тарих және шетел тілін меңгеру мамандықтары арасында "Өмірдің өзі философия" тақырыбында семинар-пікірталас өтті. 
Ой-талқы барысында студенттер өмір құндылықтарды: бақыт, махаббат, сенім, шығармашылық, өмірдің мәні, еркіндік туралы ойларын ортаға салды. Пікірталасты философия кафедрасының аға оқытушысы Қанат Нұрғалиев жүргізді.