“ТДМ 7 – Қолжетімді әрі таза энергия”
Powerexpo көрме 30.10-01.11.2024 аралығында Алматы қаласында өтті.
Қазақстандық Халықаралық көрме «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау»
Powerexpo Алматы көрмесіне 12 елден 186 компания қатысты, соның ішінде Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қытай, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Чехия және Қазақстан. Көрмеде ең соңғы заманауи жабдықтар, инновациялық әзірлемелер, соның ішінде жоғары вольтты және төмен вольтты жабдықтар, жарықтандыру жабдықтары, есепке алу, бақылау-өлшеу құралдары, автоматика және энергетика саласына арналған технологиялар ұсынылды.
01.11.2024 ж көрмені «Электроэнергетика» ББ 2 курс студенттері ПФН КФ кафедрасының аға оқытушылары Абдиева Ш.А. және Амренова А.У жетекшілігімен тамашалады.
Көрмеде студенттер соңғы үлгідегі заманауи электр жабдықтарымен және электр энергетикасы саласындағы озық жетістіктермен танысты. Халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Өткізілген кездесу мен диалог мазмұнды әрі қызықты өтті.