Шығыстану факультетінде Республикалық деңгейде мастер-класс өтті

30 қараша, 2015

2015 жылдың 24 қараша күні Қытай туралы көптеген танымдық, ғылыми кітаптардың авторы және қытай тілін оқытудың кез-келген жас ерекшеліктері мен түрлі деңгейге арналған әдістердің авторы, қытайтану кафедрасының доценты Даулет Ф. «Шығыс тілдерін оқыту барысында интербелсенді әдістерді тиімді қолдану жолдары» тақырыбында республикалық деңгейдегі мастер-класс өткізді.

Мастер-класқа факультетіміз бен кафедраның оқытушыларынан басқа Абылайхан атындағы ҚазМХҚжәне ӘТУ, Абай атындағы ҚазМПУ, Қазақ МҚПУ, КИМЭП университетінен, Қонаев атындағы университеттен және Алматы қаласына еліміздің түрлі оқу-орындарынан біліктілікті арттыру курстарына келген 50 тарта оқытушылар қатысты.

Мастер класта Ф.Даулет бакалавр дәрежесінде 1 курста студенттеріне «Базалық шет тілі. А1, А2 деңгейі» пәні бойынша 2015-2016 оқу жылынан бастап қолданылып жатқан «Қытай тілінің практикалық курсы. Жаңа концепция» оқулығының алғашқы нәтижелерін көрсетті.

Мастер-класта студенттердің субъективті тәжрибесін байытатын, белсенділігін арттыратын құзырлы-бағатталған, тұлғалық-бағытталған сияқты инновациялық әдістерді пайдалану арқылы жасалынған жаттығуларды қолдануды көрсетті. Студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал ететін, алған білімін түрлі бейстандартты жағдайда қолдана білуге үйрететін амал-әдістер ұсынылды. Әр бір жаттығу түрлі стимулдар мен нақтылы тапсырмалар арқылы беріліп отырды. Сонымен қатар берілген тапсырмалар мәліметтердің шыққан төркіні мен баға қою тәртібімен қатар беріліп отырды.