Студенттер көлеңкелер театрын тамашалап қайтты
Шығыстану факультетінің қытай тілін оқып жатқан 1 курс студенттері 10 қараша күні «Ұлы Жібек жолы тарихы – Шэньси провинсиясының көлеңкелер театры» атты көрмені тамашалап қайтты.
Бұл ұйымдастырылып отырған көрме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен Қытай Халық Республикасының Таң династиасының көне Шығыс базарының Сиань музейі ғылыми және мәдени ынтымақтастық аясындағы бірлескен жобасы.
Қытайдың «Көлеңкелер театры» - 1700 жылдық тарихы бар театральды қуыршақ өнері, қытай драматургиясының және өнердің «телевизиялық» түрінің бастауы.
Қытай тілін, тарихын, мәдениетін енді оқып бастап жатқан 1 курс студенттері көлеңкелер театырының құрылу және даму тарихымен, қуыршақтарды жасау шеберлігімен,технологиясымен танысып, керемет әсерленіп қайтты.
Бұл қызықты көрме әлі желтоқсанның 23 дейін жалғасады. Барып, көрем деушілерге есік ашық.