Мақсат 4. Сапалы білім беру

28 қазан, 2024

24 қазан күні Бесағаш ауылының Мәдениет үйінде 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру танымдық шарасы өтті. Бұл шара оқушыларға мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш шарада кәсіптік бағдар беру, ынталандыру және жоғары оқу орындарына түсу мәселелері талқыланды.  Бесағашта өткен шарада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін физика-техникалық факультетінің бағыт-бағдар берушісі қ.профессор, РhD Куйкабаева А.А. таныстырды.

Мектептерден 250-ден астам қатысушы келді. Оқушылардың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетіне деген қызығушылытары мол екені байқалды. Әр университет өз бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар мектеп оқушыларын болашақ мамандығын саналы таңдауға бағдар беруді түсіндіруге мүмкіндік алды. Оқушылардың студенттермен араласуына және олардың жоғары білім туралы сұрақтарына жауап алуларына тамаша мүмкіндік болды. Бұл кездесуге Алматы қаласының барлық университеттерінен мамандар қатысты. Оқушыларға таптырмас мүмкіндікті ұйымдастырған Талғар аудандық мәслихат депутаты, PhD жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының үлгілі ұстазы Жандос Байжұма.