ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА ЖУРНАЛИСТІК БІЛІМ БЕРУ: ІЗДЕНІСТЕР МЕН ІРКІЛІСТЕР
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай ЮНЕСКО-ның журналистика жәнекоммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қаласындағыЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің қолдауыменХалықаралық Фараби форумы аясында«Тұрақты даму мақсатында халықаралықжурналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ)атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелікконференция биыл сегізінші рет өткізілді.
Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жамила Айтжанова ашты.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова отандық білім мен ғылымның флагманы – Қазақ ұлттық университетін 90 жылдық жетістіктерімен құттықтап, еліміздің білімін дамытудағы үлесі үшін рақмет айтты. Тұрақты дамудың негізгі элементтерін атай келе, коммуникация мен білім берудің маңыздылығына тоқталды. Аталмыш конференцияның журналистік білім берудегі маңызды мәселелерді қозғап, тәжірибе алмасып, тәуекелдер мен проблемаларды анықтап, шешілу жолдарын анықтайтын платформа екендігін атап өтті.
Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы, БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі Властимил Самек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» UNAI Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзіміне10 жыл толғанына тоқталып, аталмыш жиында өрелі ойлар мен татымды, қызықты пікірлердің мол болатындығына сенім білдірді.
Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов Өңірлік кеңсе атынан кафедраның тұрақты дамудың 4.7., 16.10 мақсаттары бойынша Коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасымен бірлескен қызметіне алғыс білдірді. Өңірлік кеңсе маманы ұлттық білім беру платформаларын қолдаудағы конференцияның ерекше үлесіне тоқталды: «Кафедраның алдыңғы екі жобасының негізінде әзірленген журналистиканың ұлттық платформасы Қырғызстан мен Тәжікстанда жалғасын тауып, дамуда. Олар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әзірлемелерін, ЮНЕСКО ресурстарын қолданып отыр», - дей келе, ЮНЕСКО-ның журналистік білім беру серияларымен таныстырды. Оның ішінде ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникациякафедрасы әзірлеген климат өзгерісіне, журналист қауіпсіздігі, гендерлік теңдікке арналған курстар да бар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша Пан Ги Мун институтының директоры Жансая Исаева конференцияның ұлттық университеттің 90 жылдығы мен БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» UNAI Жаһандық хабына 10 жыл құрметіне орай ұйымдастырылғандығын айтты. «Бүгінгі диалог көпсипатты, халықаралық деңгейде жүргізілген журналистік келіссөздер бұл кездесудің дипломатиялық сипатын айшықтайды» - деді ол.
Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайыржан Абдыхалықов тұрақты даму мақсаттарына жетудегі азаматтық қоғамның қосқан үлесіне тоқталды. «Блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары, егер олардың мыңдаған жазылушылары болса, ақпарат таратудың күшті құралы болады. Сондықтан академиялық қауымдастықпен бірлесіп этикалық нормалар мен принциптерді әзірлеу қажет», - деген ұсыныс айтты.
Азия медиа және ақпараттық орталығының өкілі Гүльнар Асанбаева Қазақстандағы медиа білім беру технологиялары мен журналистикада жасанды интеллектіні қолданудың болашағына шолу жасады. Сарапшы маманның айтуынша, Қазақстанда медиасауаттың ең жоғары деңгейі 2021 жылы болған. 2023 жылы көрсеткіштер төмендеген. Телеарналар халық көп сенетін ақпараттың негізгі арнасы. Әлеуметтік желілердің ішінде инстаграм мен ватсапқа көбірек сенеді, ақпарат жалған деп ешкім айтпайды. Әрине, бұл қауіпті жағдай. Адамдар әлеуметтік желі алгортимдерін, ақпараттың қандай жолмен түсетіндігін білмейді. Сондықтан медиапедагогиканы жаңарту керек.
Білім берудегі жасанды интеллект технологиялары туралы зерттеумен Санкт-Петербург мемлекеттік университетініңжурналистика және бұқаралық коммуникациялар жоғары мектебінің профессоры, с.ғ.д., саясаттанушы Илья Быков таныстырды.
Конференцияға Қытайдан арнайы келген Сиань Цзяотун университетінің Жаңа медиа журналистика мектебінің профессоры Фэн Вубаяндамасына Қытайдағы журналистік білім берудің жаңа статусын арқау етті.
Қазіргідей өткір экологиялық және әлеуметтік проблемалардың жаһандық өзара байланысы дәуірінде тұрақты даму саласындағы журналистиканың рөлі дәл осындай маңызды болған емес. Avrupa Media Holding (Ұлыбритания) құрылтайшысы, журналист Ватан тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқытудың бірнеше үлгілерін сипаттады, осы бағытта кәсіби мамандар даярлап отырған академиялық қоғамдастықтың маңызды рөлін атады.
Интер-Медиа Брюссель қоғамдық қорының(Түркия) құрылтайшысы, журналист Юсуф Джиналуниверситет студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу, магистрант, докторанттардың ғылыми тағылымдамасына қолдау көрсету туралы ойларымен бөлісті.
Пенза мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Галина Зуева (Ресей), Молдова-1» қоғамдық телеарна редакциясының бас редакторы Людмила Барба (Молдова Республикасы) кәсіби журналистер даярлаудағы өзекті мәселелерді қозғады.
Кездесу барысында ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының Коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасының (IPDС) қолдауымен «Аймақ – Орта Азия: миграция мәселелері бойынша журналистік білім беру» Жобасының жүзеге асырылуы бойынша «Golden middle of the new UNESCO project» презентациясы өтті.