Ірі ғылыми мектебі бар білім ордасы

13 қараша, 2024

Еліміздің маңдайалды оқу ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланғанына биыл 90 жыл толды. Ғасырға жуық мезгіл, әрине, аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде университет бірнеше даму жолынан өтті. Бұл күндері ірі ғылыми университетке айналды. Өзіміз қара шаңырақ оқу ордасы деп әспеттейміз.

Өйткені соған лайық атақ-даң­қы бар, халықаралық деңгейге кө­терілген көшбасшы білім оша­ғы. ҚазҰУ бәрімізге ыстық, қым­бат. Өйткені біздің жас кезімізде жалғыз университет болды. Бұл оқу ордасында білім алмасақ та, сыртта жүргенде тілеулес, ниет­тес болдық. Күні бүгінге дейін сол ахуал­дан айныған емеспін, уни­вер­ситетке отандық ғылымды да­мытқаны үшін, ғылымның көшін алға сүйреп келе жатқаны үшін үлкен құрметпен қараймын.

ҚазҰУ-да үлкен ғылыми мек­теп бар, әсіресе химия, биология саласының майталман ғалым­да­ры қызмет еткен киелі мекен. Қа­зіргі жастар білуге тиіс, кезінде Темірбай Дарқанбаев, Асқар За­ка­рин, Төлеген Тәжібаев, Өмірбек Жолдасбеков т.б. аты қарағайдай ғалымдар басшылықта да, ғы­лым­да да еңбек етіп, тер төкті. Қа­зір сондай көрнекті ғалым­дар­дың жолын Жансейіт Қансейітұлы бас­таған ғалымдар легі жалғас­ты­рып келеді. Ұрпақ сабақтастығы деген осы емес пе?

Қара шаңырақ ҚазҰУ ғалым­да­рының түрлі озық жобалары қазір    өндіріске де еніп жатқанын білеміз. Бұл да оңай шаруа емес. Қай жағынан болсын білім беріп, ғылымды дамытуда да, маман даярлауда да оқу ордасының бәсі биік. Оны бәріміз мойындаймыз. Сондықтан Жансейіт Қансейітұлы басқарып отырған үлкен ғылыми ұжымға табыс тілеймін. Денсау­лық­тарыңыз мықты болсын, шә­кірт­теріңіз ұстаздарынан озсын. Біз, Қазақ елінің ғалымдары, сіз­дер­ден үлкен ғылыми жаңалықтар күтеміз.

Амангелді САДАНОВ,

биология ғылымының докторы, академик