Ниномия Такаши (NINOMIYA Takashi) Шақырылған профессор, PhD докторы
Цукуба университеті (Жапония) Қиыр Шығыс кафедрасының негізгі шетелдік серіктестерінің бірі болып табылады. 2012 жылы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап Қазақстан мен Жапония арасындағы ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін дамытуда орта мерзімді және ұзақ мерзімді әлеуеті бар бірқатар жобалар Цукуба университетімен бірлесіп жүзеге асырылды. Цукуба университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп Жапония мен Орталық Азияны зерттеу жөніндегі Ғылыми-білім беру орталығын ашу туралы бастама көтерді. Екі тараптың Жапония мен Орталық Азияны зерттеу орталығын ашу туралы Меморандумға қол қоюы 2015 жылғы 15 ақпанда делегацияның Жапонияға сапары кезінде жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, "Кампустағы кампус" ынтымақтастық туралы меморандум аясында ҚазҰУ-да PhD докторы Ниномия Такаши (Ninomiya Takashi) жұмыс істеуде. Ол Цукуба университетінің "Кампустағы кампус" жобасының үйлестірушісі, University of Bordeaux, National Taiwan University, University of San Paulo, Université Grenoble Alpes, Ohio State University, Utrecht University, Ruhr University Bochum, University of California Irvine, University Teknologi Malaysia сынды әлемдегі озық университеттермен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жұмысын үйлестіреді. Оның басшылығымен Цукуба университетінде Әл-Фараби орталығын ашу рәсімі өткізілді.
Ниномия Такаши 2002 жылы Нара университетінде (Жапония) "Әдебиет тарихы" мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді. 2005-2006 жылдары Цукуба университетінде ассистент, ал 2007-2008 жылдары Цукуба университетінің ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2008-2010 жылдары ол Эфиопияда ғылыми тағылымдамадан өтті. Ниномия Такаши Цукуба университетінде Әдебиет және лингвистика бойынша докторлық диссертациясын (2008-2012) сәтті аяқтады. 2008-2010 жылдары ол Жапония Үкіметінің "Reconstruction of Proto-Mahrian Semitic" тақырыбында зерттеу жүргізу грантының иегері болды. Қазіргі таңда ол тіл мәселелерін зерттеу, сондай-ақ жапон тілін оқыту бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларына да қатысады.
2014 жылдан бастап ҚазҰУ-да студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған пәндерден сабақ береді, бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындауға қатысады. Ниномия Такаши Жапонияның университеттеріне академиялық ұтқырлық бойынша оқуға баратын студенттерді үйлестіреді. Профессор ай сайын ғылыми семинарлар өткізеді, Жапон қоры мен Тошиба қорының "Туризм саласында жапон тілін оқыту" білім беру жобаларын әзірлейді және жүзеге асырады. Ол жапондық рейтингтік журналдарда 20-дан астам мақала жариялады, оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Ниномия Такашидың жұмысының нәтижесінде Қиыр Шығыс кафедрасындағы жапонтану бөлімінің даму деңгейі соңғы жылдардың қорытындысы бойынша айтарлықтай дамыды. JASSO Scholarship ұйымымен ынтымақтастық аясында ҚазҰУ студенттеріне Стипендиялар тартылды. "Кампустағы Кампус" жобасы аясында 2022-2023 жылдары жапонтану бөлімінің 20 білім алушысы Жапонияның жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ, 5 оқытушы біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми конференцияларға қатысты. Қазіргі уақытта оқу орнында Цукуба университетінің 19 студенті оқиды.