БҰҰ-НЫҢ «ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ»: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ

14 қараша, 2024

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Тұрақты даму мақсаттары» шеңберінде белгіленген Адам құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымдары мен жетістіктері туралы пікір алмасу мақсатында  Халықаралық қатынастар кафедрасының доценті А.Р. Әліпбаев  2024 ж. 13 қараша күні “Халықаралық қатынастар” мамандығының  4-курс студенттерімен (ХҚ-33К тобы) дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сарапшылар ретінде кафедра доценті Б.З. Бюжеева, А.Р.Әліпбаев қатысты.

Талқылауға ұсынылған мәселе бойынша баяндамашылар ретінде 4-курс студенттері Сазамбаева Аружан мен Төленбек Еркежан сөз сөйледі. Студенттер өзара пікір алмасып, Адам құқықтары, БҰҰ-ның Адам құқықтарының бұзылуын қадағалау бойынша қызметтерін және де Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссардың рөлі мен мүше-мемлекеттердің ұстанымдары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі қызметіне қатысты мәселелері талқыланды және берілген сауалдарға қатысты Адам құқықтары тақырыбы шеңберінде пікір алмасу  нәтижесінде студенттер бірқатар мәселелерді айқындады. Адам құқықтарын қорғау саласындағы БҰҰ-ның рөлі зор екендігі аталып өтілді.