«Лудоманияның халықаралық қатынастарға әсері: Құмар ойындардың ғаламдық салдары мен саясаттағы орны»

14 қараша, 2024

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Тұрақты даму мақсаттары» шеңберінде белгіленген “Денсаулықты және әл-ауқатты қамтамасыз ету”  сонымен қатар “Сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу” мәселесіне қатысты пікір алмасу мақсатында  Халықаралық қатынастар кафедрасының доценті А.Р. Әліпбаев  2024 ж. 14 қараша күні “Халықаралық қатынастар” мамандығының 4-курс студенттерімен (ХҚ-31К тобы) дөңгелек үстел ұйымдастырды. Талқылауға ұсынылған мәселе бойынша баяндамашылар ретінде 4-курс студенттері Ермек Жұлдыз бен Байжанова Айым лудомания, яғни патологиялық ойынға тәуелділік, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына тікелей әсер ететін қырларларын жан-жақты қарастырды.

Лудомания БҰҰ-ның тұрақты даму жоспарының барлық мақсаттарына әсер етуі мүмкін осы проблеманы шешу үшін шаралар қабылдау өте маңызды. Пікірталас барысында мәселені реттеу үшін қатысушылар арасынан:

* Қоғамдық сананы арттыру: Лудомания туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

* Ерте араласу: Лудоманияның белгілерін ерте анықтау және емдеу.

* Қолжетімді емдеу: Лудоманиядан емдеуді қолжетімді ету.

* Заңнамалық реттеу: Ойын индустриясын реттейтін заңнамалық шаралар қабылдау сынды ойлар ұсынылды.

Бұл шаралар лудоманияның әлеуметтік және экономикалық салдарын азайтуға және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі деп ұсынылды.