“Біз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз” суреттер көрмесі
2024 жылдың 13 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің «Педагогикалық тарих» 7М01601 мамандығының бірінші курс магистранттары дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы Мухажанова Толқын Нұрасылқызының жетекшілігімен «Біз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударту және студенттер мен қоғам арасында осы тақырыпта жауапкершілікті арттыру болды. Шараға келушілер фотосуреттер мен иллюстрацияларды қарап, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құрбандарға қолдау көрсету және отбасылық қарым-қатынастарда құрметті нығайту туралы ақпарат алды. Әрбір көрме жұмысы арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ауыр салдары көрсетіліп, қонақтарға мейірімділік пен қолдаудың маңыздылығы жөнінде ой салынды.
Көрме аясында қатысушылар өз идеяларын бөлісіп, зорлық-зомбылықсыз қоғам құруға бағытталған пікірлерімен алмасты.
Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы Мухажанова Т.Н.