ШЕТЕЛДІК БАҚ-тың УРДУ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ БӨЛІМІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАРДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖАЙЛЫ

15 қараша, 2024

Қараша айынының 11-жұлдызызында ұйымдастырылған Иқбал оқулары атты поэзиялық кеші туралы Пәкістанның сайттары жарыса жазуда. Урду тілі мен әдебиеті бөлімінің 1 курс студенттері Иқбал өлең-жырларын мәнерлеп оқуы шараға қашықтықтан қатысқан құрметті қонақтарды тәнті етті. Урду тілін не бәрі екі ай ғана үйренген студенттердің Иқбалдың мағынасы күрделі өлеңдерін түсініп жатқа оқуы пәкістандық БАҚта айтылуда. Соның бірі Пәкістанның тарихи қалысы Лахордағы  «روزنامہ اوصاف» (Daily Ausaf) басылымы. Сонымен қатар, Пәкістанның Ақпарат және хабар тарату министрлігінің  Associated Press of Pakistan Corporation dugital (APPC) ресми вебсайты мен Educations.pk сайтында Шығыстану факультетінде өткен Иқбал оқулары жайлы хабар таратылды. Мақалада Пәкістанның ұлы ақын ойшылы Аллама Мухаммад Иқбалдың немересімен өткен кездесудің Икбал философиясы мен поэзиясының  әсерін еске салып, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға қызмет еткені атап өтіледі.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы 

Жарбосынова Н.Д.