Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың екінші патриоттық фестивалінің «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауына шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 2 курс студенті Қазбеков Исламбек пен 4 курс студенті Бейбіт Айдар қатысты. 2 курс студенті Қазбеков Исламбек «Производство полистиролбетонных блоков с облицовкой под мрамор», ал Бейбіт Айдар «Биогаз -реальная альтернатива традиционным видам топлива» атты тақырыптарда ғылыми-инновациялық жобаларын ұсынып, 1-ші іріктеу кезеңінен 2-ші негізгі кезеңге өтті. 26 қараша күні Студенттер сарайында GALA-форум форматында өткен ең үздік байқау жұмыстары ретінде өз жобаларын сәтті қорғап шыққан олар жеңімпаздар қатарында болмаса да, еліміздің маңдайалды ғалымдарынан құралған қазылар алқасының оң бағасын алды.
Студенттеріміздің болашақта бұдан да үлкен жетістікке жетуіне тілектеспіз.