- Басты бет
- Жаңалықтар
- Философия кафедрасының постдокторанты, жетекші ғылыми қызметкері, Нұрлан Әкімбайұлы Мүмінов "Қазақстанның Ұлттық бірегейлігі мен онтологиялық қауіпсіздігі: ұлттық биографияны қалыптастырудағы тарих оқулықтарының рөлі" тақырыбында дәріс оқыды.
Философия кафедрасының постдокторанты, жетекші ғылыми қызметкері, Нұрлан Әкімбайұлы Мүмінов "Қазақстанның Ұлттық бірегейлігі мен онтологиялық қауіпсіздігі: ұлттық биографияны қалыптастырудағы тарих оқулықтарының рөлі" тақырыбында дәріс оқыды.
Орнықты дамудың 16 бағытына сәйкес (бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар ) және Дүниезүзілік философия күніне орай 15 қараша күні Философия кафедрасының постдокторанты, жетекші ғылыми қызметкері, Нұрлан Әкімбайұлы Мүмінов "Қазақстанның Ұлттық бірегейлігі мен онтологиялық қауіпсіздігі: ұлттық биографияны қалыптастырудағы тарих оқулықтарының рөлі" тақырыбында лекция оқыды. Лекция барысында лектор жалпы қазақ дүниетанымымен байланысқан тарихи дәуір эволюциясының онтологиясын ұлттық қауіпсіздікпен ұштастырды. Соңынан пікірталас жалғастырылды. Кафедра оқытушылары Берік Мұратұлы, Қанат Тоқтарбекұлы,Қазбек Нұрсейітұлы, Елдос Нұрланұлы т.б. өз пікірлерін ортаға салды. Докторанттар мен студенттер тарихтың қазіргі өмірдегі маңызы туралы ой бөлісті.
Ұйымдастырушылар: Философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары- Елдос Нұрланұлы Өсербаев, Философия кафедрасы