Студенттердің жатақханада тұру жағдайымен танысудың ашық сабағы

13 қараша, 2024

      Бүгін жатақханада тұратын студенттердің жағдайымен танысу барысында, №15 Студенттер үйінде кездесу ұйымдастырдық. Жатақханалардағы жайлы өмір - студенттердің оқу жетістігіне тікелей әсер ететін факторлардың бірі. Студенттердің тыныш әрі ынталандыратын ортада білім алуына жағдай жасау қажет. Студенттердің денсаулығы мен жалпы әл-ауқаты жатақханалардағы тұрмыс жағдайымен тығыз байланысты. Осыған сәйкес, 13.11.2024ж. жатақханада дезинфекция жұмыстары жүргізіліп тазарту жұмыстары жүргізілген.

        Студенттердің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік топтардың өкілдеріне құрмет көрсету - жатақхана өмірінің ажырамас бөлігі болуы қажет. Сол себептен біз бүгінгі кездесуде бір-біріне қонаққа барып, шәй ішіп, әңгіме айтып жақынырақ танысудың маңыздылығында айттық.

           Сонымен қатар, студенттер өздерінің сабақтағы және жатақханадағы қызықты жағдайларымен бөлісе отырып, өте көңілді кездесу болды.