Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары, ПГ-9 және 12 топ куратор-эдвайзерлері Р.С. Туребекова мен Л.К. Мамытбекова шетелдік студенттерімен ұлттық валюта – Теңге күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізді. Оқытушылар қазақстандық ақша – теңгенің құрылу тарихын айтып, Қазақстанның ұлттық валютасын қорғаудың құпияларын ашып, осы ақшаның өзіне тән ерекшеліктерін атап өтті. Қытай студенттері өз кезегінде Қытайдың ұлттық валютасы – теңгеден әлдеқайда ерте шығарылған және өзіндік ерекшеліктері бар юань туралы аздап айтып берді. Кураторлық сағат біздің тыңдаушылар үшін өте қызықты және танымдық мәнде өтті.
Басқа жаңалықтар
18 қараша, 2024
18 қараша, 2024
17 қараша, 2024