ТДМ-4: №10 Студенттер үйінде «Дәстүр және жаңашылдық» тақырыбында дәріс өтті
Университетіміздің №10 студенттер үйінде 18 қазан күні Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалыш Аманжол Боранбайұлы білім алушы жастарымызға «Дәстүр және жаңашылдық» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесуде халқымыздың бағзы заманнан келе жатқан дәстүрлері және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы, қазіргі замандағы тәрбие мен жаңа көзқарастардың сол дәстүрлерге тигізген әсері туралы айтылды. Дәріске қатысушы студенттер көкейлерінде жүрген дін, философия және туған өлкелерінің тарихы туралы сұрақтарын қойып, Аманжол Боранбайұлынан мәні мен мазмүны терең жауатолық жауап алды.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, олардың мәні мен мазмұнына терең бойлай отырып, оны жаңа уақыт, жаңа заман сабақтастыра өткен бұл дәріс стідент-жастарымыз үшін тың ақпараттарға толы әрі пайдалы болды.