Ұлттық валюта және қаржыгерлер күні

15 қараша, 2024

Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады.

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Ал 1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтуде.  

ТДМ-8 лайықты жұмыс және экономикалық өсім негізінде тыңдаушылар арасында «Теңге тиыннан құралады» тақырыбында іс-шара өтті. Шараның  мақсаты – тыңдаушыларға ұлттық валютаның тарихи және мәдени маңызын түсіндіріп, оның Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлін көрсету.  Патриоттық сезімдерін, ел тарихына деген құрметін арттырып, қаржылық сауаттылықтарын дамытуға үйрету, тыңдаушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, теңгенің қадір-қасиетін түсіндіру.
Сондай-ақ, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.