17 қараша – Халықаралық студенттер күні

16 қараша, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары арасында  «Бүгінгі студент – болашақ маман» тақырыбында тыңдаушылар арасында ТДМ-4 сапалы білім беру негізінде студенттер күніне орай кураторлық сағаты өтті.

Халықаралық студенттер күні (International Students' Day) 1946 жылдың 17 қарашасынан бері тойланады. Халықаралық студенттер конгресі күнтізбеде дәл осы күнді атаулы мереке ретінде белгіледі. Конгресс Прага қаласында өтті.

Кураторлық сағаттың мақсаты: Болашақ студент атанайын деп отырған тыңдаушыларға бұл күннің өзіндік тарихы туралы ақпаратпен таныстырып, болашақ – студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. Болашақ – жас білікті де, білімді мамандардың қолында екендігін жеткізу.

Бүгіндері бұл күн әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Жастардың мерекесі болғандықтан, бұл күн студенттер қауымына өте танымал.