Семинар «Заманауи кезеңде микробіліктілікті әзірлеу»
Корлан Кадырбековна: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы және Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы 21-22 қарашада Фараби кітапханасында өткізілетін семинарға қатысуға шақырады (408 каб.) ERASMUS-EDU-2023-CBHE "Land management, Environment & SoLId-WastE: inside education and business in Central Asia"жобасы шеңберінде/LESLIE) / Жер ресурстарын басқару, қоршаған орта және қатты қалдықтар: Орталық Азиядағы Білім және бизнес".
Семинардың мақсаты - Орталық Азия университеттерінде енгізу үшін орнықты даму саласындағы микробіліктіліктерді әзірлеудің заманауи үрдістерін талқылау және жариялау үшін диалог алаңын құру. Барлық қатысушыларға семинарға қатысқандарын растайтын сертификаттар беріледі. Семинарға қатысушылардан сауалнаманы https://forms.gle/EoN6muv518ccYr918 сілтемесі бойынша толтыруды сұраймыз. Қатысу формасы: күндізгі, сырттай.