«Менің мамандығым – менің болашағым»
18 қараша күні 2 курс «6B02313 – Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығының куратор‑эдвайзері Ә.С. Мусаев тобымен «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбында кураторлық сабақ өткізді.
Кураторлық сағат студенттерге мамандық таңдаудың маңыздылығын, олардың қызығушылықтары мен мансаптық мақсаттарын түсінуге, сондай-ақ кәсіби жолын қалай дұрыс құру керектігі туралы түсінік қалыптастыруға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. Студенттер таңдаған мамандықтары бойынша өздерінің болашақтарын қалай көретіндері туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ мансап перспективалары, қосымша дағдылар және жұмыс берушінің талаптары туралы сұрақтар қойылды, талқылау жасалды.
Іс-шара студенттерге таңдаған мамандығы бойынша өз рөлін анықтай алуға, кәсіби өсу мүмкіндіктерін бағалауға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік берді. Студенттердің белсенді қатысуы мен олардың тақырыпқа деген қызығушылықтары ерекше байқалды.