- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 17. «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» АҚ өкілдерімен кездесу
ТДМ 17. «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» АҚ өкілдерімен кездесу
20 қарашада сағат 14:30-да физика-техникалық факультетінің оқу ғимаратының 330 аудиториясында Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институтының өкілдерімен факультет оқытушы-профессорлар құрамы, бітіруші 4 курс студенттері және магистранттарымен кездесуі өтеді. Кездесуге аталған институттың Бас директорының бірінші орынбасары, Коррозия мәселелері жөніндегі құзырет орталығы басшысының орынбасары, Органикалық катализ зертханасының меңгерушісі, Электрохимия және нанотехнологиялық процестер зертханасының аға ғылыми қызметкері, Физикалық зерттеу әдістері зертханасының меңгерушісі қатысады. Кездесу барысында студенттер институтта жүзеге асырылып жатқан жобалармен және жұмыс берушілердің біліктілік талаптарымен таныспақшы. Сонымен қатар, қатысушы екі ұжымның ғылыми және академиялық салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылады.