Тәуелсіздік тұғырым

19 қараша, 2024

2024 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы Айтмұханбетова А.С. аударма ісі мамандығы, 4 курс студенттерімен «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында іс – шара ұйымдастырды.  
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұқамеджанова т.б. қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болғандарды еске алды. 
Тәуелсіздік туын жеңіп берген қайсар Қазақстандық жастардың әр – біреуі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Студенттер отыз үш жылда  жеткен жеңістерді атап шықты.
Тәуелсіздігінің отыз үш жылдығына орай ұйымдастырылған іс – шараның соңында қазақтың әйгілі әншісі Қуандық Рахымның орындауындағы «Мен қазақпын» әнін студенттермен бірге орындап, патриоттық сезімге бөлендік.