Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану ғылыми орталығына Германиялық ғалымдар келді

20 қараша, 2024

Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану ғылыми орталығына Германиядан – Мартин-Лютер-Галле-Виттенбург университеті III жаратылыстану факультеті геология ғылымдары және география институтының ғалымдары келді.

Экожүйелердің геоэкологиялық мәселелерімен айналысатын неміс ғалымдары топырақ экологиясы және қоршаған орта мониторингі зертханасы ерекше қызығушылық танытты. Кездесу барысында қонақтар жаңа зертханалық жабдықтармен, жобалармен танысып, топырақтың экологиялық жай-күйі мәселелерін талқылап, тұрақты даму аясында осы мәселелерді шешуге бағытталған жобалар бойынша бірлескен жұмыстарға қызығушылық танытты.