"Қазақстан экономикасының қаржылық құрылымдары"
 — копия.jpg)
15.11.2024ж. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 17: «Тұрақты дамудағы жаһандық әріптестік») мақсаттарына сай Экономика және бизнес жоғары мектебі «6В04106 - Қаржы» мамандығының 3-курс студенттеріне «Макроэкономика» пәні бойынша бинарлық сабақта PricewaterhouseCoopers халықаралық компаниясының аға кеңесшісі, BIG 4 шетелдік компаниялар желісінде еңбек өтілі бар Қожықов Асылбек мырзамен бинарлық қонақ дәрісі онлайн байланыста Zoom платформасында өткізілді. Практик-маманның кәсіби жолында ҚР қаржы индустриясында 5 жылдан астам тәжірибесі бар (Grant Thornton, Coca-Cola, Tengizchevroil, оның ішінде қаржылық Дью дилидженсте ("ФДД") 2 жылдан астам тәжірибесі бар.
Халықаралық компанияның аға кеңесшісі Қожықов Асылбек Қаржы нарығының даму ерекшеліктерін, BIG 4 шетелдік компаниялар желісі туралы және олардың жұмыс ерекшеліктерін және аудит мәселелерді талқылады. Қонақ дәріс студенттерге өте тартымды, қызықты және пайдалы болды.
Қонақ дәрісті ұйымдастырушы: PhD, аға оқытушы Г.К.Иляшова.
Басқа жаңалықтар

