Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1 курс "Дінтану" мамандығының студенттері, куратор-эдвайзері Қаңтарбаева Жанна Орынбасаровнаның жетекшілігімен “Қарты бар ел-қазыналы ел” жалауымен қарттар үйіне барып, әже-аталарымызбен жүздесіп қайтты. Студенттер азық-түлік, көңіл мен қолдау апара отырып, екі уақыттың өкілдері кездескен күнде, жүрегі мейірімге толы үлкендерімізбен әңгімелесіп, олардың өмірлік ақылдарын тыңдап қайтты. Студенттер: - «Бүгінгі кездесу бізге жаңа шабыт пен жігер сыйлады, біраз ғибратты нақылдар мен даналықтарды естіп қайттық», деп өз көңіл күйлерімен бөлісті.
Біз үлкендерімізді құрметтеп, қадірлеуді ұмытпайық! 💖
Басқа жаңалықтар
26 желтоқсан, 2024
26 желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, 2024