Қиындықтардан қорықпау және жаңадан бастауға ынталандыру

20 қараша, 2024

     Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында жоспарланған «Қиындықтардан қорықпау және жаңадан бастауға ынталандыру» тақырыбы бойынша кураторлық сағат өткізілді. Оған "Невада-Семей" халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың жастар ұйымы төрайымы Танабекова Гүлжанат Бақытқызы шақыртылды.  

     Ол өзінің осы аталған ұйымда ьөрағалық етуге дейін жүріп өткен жолымен таныстырды. Өмір жолы әрдайым тегіс және оңай болмайды. Кез келген адам өмірінде қиындықтарға тап болады, ал кейбіреулеріне жаңа бастаулар жасауға тура келеді. Қиындықтардан қорықпай, оларды жаңа мүмкіндіктер ретінде қабылдау – бұл жетістікке жетудің маңызды қадамдарының бірі екенін студенттерге түсіндіріп өтті.

    Өмірде бір істің сәтсіздігі басқа бір жаңа жолға бастама болуы мүмкін. Жаңадан бастау – бұл алға ұмтылудың, өзіңізді қайта қалыптастырудың мүмкіндігі. Әлемге әйгілі көптеген адамдардың өмірінде сәтсіздіктер болған, бірақ олар соған қарамастан өз жолдарын тапқан тұлғаларды да тілге тиек ете отырып, студенттер болашақта кім болғысы келетінін ойланып, сол бағытта талмай әрекет етуге шақырды.

Куратор-эдвайзер: Бекжанова А.У.