Б.Алжанұлының диссертациясын алдын ала қорғауы

22 қараша, 2024

 

2024 жылғы 22 қарашасында «6D060700-Биология»" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Алжанұлы Бахытжан «β-жасушалардағы инсулин синтезін реттеу арқылы диабетке қарсы жасушалық терапия тәсілін жасау» тақырыбында диссертациясын алдын ала қорғады.

Қант диабеті (ҚД) - бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен мәселеге айналып отырған созылмалы метаболикалық ауру. Ауру қандағы қант деңгейінің жоғарылауымен сипатталады (гипергликемия), ол инсулиннің толық болмауынан (1 тип) және "инсулинге төзімділік" жағдайы туындауынан немесе инсулиннің салыстырмалы жетіспеушілігінен (2 тип) дамиды. Зерттеу барысында НЕК 293 адам жасушаларының жасуша биологиясы, сондай-ақ H1 бағаналы жасушаларының биологиясы туралы іргелі білім алынды. Бұл өз кезегінде геномдық редакциялау технологиясын қолдана отырып, ғылыми зерттеулер үшін аталған жасушалардың мінез-құлқын одан әрі түсінуде айтарлықтай теориялық білімге ие. Практикалық тұрғыдан алғанда, жүргізілген зерттеу геномдық өңдеу технологиясына сүйене отырып I типті қант диабеті үшін жасушалық терапияның ықтимал жаңа әдісін қолдану мүмкіндігін көрсетті.

Диссертациялық жұмыс сонымен қатар 3 «Денсаулық пен әл-ауқат» тұрақты даму мақсатының (ТМД) аспектілерін қарастырады.