Айқын

5 желтоқсан, 2015

Шеберлік сабақтары өтті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрылғанына 81 жыл толуына орай «БАҚ мамандарын даярлау және оның жаңа бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шара барысында «Конвергентті БАҚ нарығына маман дайындаудың жаңа міндеттері, дәстүрлі медиа, жаңа медиа, әлеуметтік медиа, өңірлік медиа кеңістіктің дамуы, проблемалары мен болашағы» мәселелері сөз болды. Конференция барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қазконтент» АҚ арасында, сондай-ақ өңірлік медиа-холдинг-термен екі тараптық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

– Қазақ Ұлттық университетімен тетелесіп келе жатқан журналист мамандығы. 81 жыл бойы елімізде маман дайындап жатқан базалық кафедра. Сондықтан бұл шараны өңірлік, дүниежүзі басылымдарының мәселелерін көтеру үшін өңірлік медиа өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып отырмыз. Журналистердің шеберлік зертханасын құру, өңірлік медиамен бірлескен шараны дәстүрге айналдыру, өңірлерден келген журналистердің өз студенттерін қолдап, шәкіртақы дайындап, өздеріне баулуы туралы мәселелер көтерілді. «Қазконтент» алдағы уақытта техникалық қолдау көрсететін болып отыр. Сондай-ақ «журналистика-ның үшінші рет өтетін қысқы мектебінің» ресми ақпараттық қолдаушысы болмақшы, – дейді Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Гүлмира Сұлтанбаева.

Ақтөбеден келген «Ақтөбе ұстазы» газетінің Бас редакторы Ұзақбай Төлебаев та мұндай шара өте маңызды екенін айтты. Ғылыми жиын аясында ҚазҰУ Біліктілікті арттыру институты базасында өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған шеберлік-сыныптары өтті. Айта кету керек, Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасына «Қазақстан Республикасының үздік журналистік кафедрасы» аталымы бойынша Қазақстан журналистер Академиясының Құрмет дипломы табысталды.