ТДМ 16 "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар"

2024 жылғы 24 қазан ТДМ (16) "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" шеңберінде з.ғ.к., "мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының доценті А.К. Исабеков Республика күніне орай жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде дәріс өткізді.
Іс-шарада елдің тарихи және мәдени мұрасының маңызды аспектілері, сондай-ақ оның жетістіктері мен даму перспективалары талқыланды.
Дәріс студенттер арасында патриоттық рухты арттыруға, олардың республика тарихындағы маңызды оқиғалар туралы білімдерін нығайтуға және оның өркендеуіндегі әрбір азаматтың рөлін түсінуге бағытталған.
Мұндай дәрістер жас ұрпаққа ұлттық мерекелердің маңыздылығын түсінуге және олардың ортақ іске қатыстылығын сезінуге көмектеседі.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы