"ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР"

22 қараша, 2024

"АЛТЫН КҮЗ" мерекелік шарасы аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ "Әшекей бұйымдарын өндіру" стартаптарының жас шеберлері жәрмеңке ұйымдастырды. Бұл іс-шара  мақсаты – университеттегі білім алушы жастарға қолөнерді насихаттау, үйрету, түрлі қолөнер бұйымдарымен таныстыру. Көрмеге келушілер де, көрушілер де көп болды. Көрмеге қойылған әрбір зат көрушілерді қызықтырып, қолөнерге деген құштарлығын арта түсті. Көрмеге қазақи нақышта жасалған әшекей бұйымдар, қазақша тақиялар, күнделікті тағып жүруге арналған әшекейлер қойылды. Жас шеберлерімізге сәттілік тілейміз!