«Республика күні»

18 қараша, 2024

2024 жылдың 18 қарашасында РЭТ-249-1 тобы мен ПЭИСУ 263-2 тобымен «Республика күні» тақырыбында ашық сабақ өткіздік. Былтырдан бері 25 қазанда мемлекеттік мереке – Республика күні аталып өтілді. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамын білдіретін Егемендік туралы Декларация қабылданды. Бүгінгі таңда еліміздің егемендігі кәдімгідей қабылдануда. Бірақ тәуелсіздік ата-бабамыздың талай ұрпақ еңбегінің жемісі болғанын әрқашан есте ұстауымыз керек. Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің сақталуы мен нығайуы, біздің,олардың ұрпақтарының басты мақсаты болып тұр. Қазақстанда Республика күні еліміздің басты ұлттық мерекесі болып табылады. Биыл біз оны осы мәртебемен екінші рет тойлап отырмыз. Республика күні – халықтың бірлігі мен ынтымағы күні деп нық сеніммен айта аламыз. Бұл күні Қазақстан туы бүкіл елімізді безендіріп, Қазақстан халқының егемендік пен тәуелсіздік жолындағы бірлігін бейнелейді. Бұл күн бұрын тойланған, бірақ бұл мәртебеде емес. Енді Республика күні тарихи дамудың жаңа кезеңінде барша халықты біріктіретін мерекеге айналуға арналған. Студенттер презентациялар мен түрлі баяндамалар дайындады. Студенттер еліміздің өзекті мәселелерін белсенді түрде талқылап, болашақта Жаңа Қазақстанды қалай көргісі келетіндерімен бөлісті.

 Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Турсалиева Л.А