Бизнестегі шығыстанушылар : корей мәдениеті жаңа мүмкіндіктерді ашуда
2024 жылдың 26 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде «VCA» ЖШС директоры Шамшидинова Дина Мұратқызының бірегей көшбасшылық лекциясы өтті. «VCA» ЖШС Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі кореялық азық-түлік өнімдері нарығындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. «Қазақстандық тұтынушылардың корей тағамдарын пайдалануына K-pop пен сериалдардың әсері» атты дәріс тақырыбы бизнес пен маркетингтің заманауи тенденцияларына қызығушылық танытқан студенттер мен оқытушылардың назарын аударды.
Іс-шара барысында студенттер пікірталастарға белсенді қатысып, маркетингтік стратегиялар мен корейлік бұқаралық ақпаратты құралдарының тұтынушылық әдеттерге ықпалының мәдени аспектілері туралы сұрақтар қойды.
Дәрістің қорытынды бөлімінде қатысушыларға тақырып бойынша теориялық түсініктерін тереңдету ғана емес, сонымен қатар корей тағамдарының дәмдік алуан түрлілігін толыққанды сезінуге мүмкіндік беретін корей өнімдерінен дәм тату ұйымдастырылды.