Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, тарих факультетінің «Сандық архивтану» мамандығының 3-курс студенттері (эдвайзері Г.Е. Сабденова) және «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенттері (эдвайзері П.Н. Нұсқабай) ұйымдастыруымен ТДМ аясында «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбы аясында 27.11.2024 жылы пікірталас өтті. Студенттер қазіргі әлеуметтік және денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемалар бойынша пікір алмасып, оларды шешу жолдарын талқыға салды.
Іс-шараның басты мақсаты - жастар арасында денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру, салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіру және қоғамдық әл-ауқатты жақсартуға ықпал ету болды.
Пікірталас барысында қатысушылар дене шынықтырудың, дұрыс тамақтанудың және психологиялық саулықтың рөлін және бұл бағыттағы мемлекеттің саясатын талқылады.
Осындай бастамалар студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттырып, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.