Жастар және ғылым

10 қараша, 2024

 

Жақында қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңның маңызды ерекшелігі жастарға, яғни жас буынды ғылымға тартуға бағытталуы болып табылады. Бұл, ең алдымен, ғылымның дамуының сенімді кепілі деп есептеледі. Ғылымды алға жылжыту үшін тиімді жолдардың бірі – студенттердің бірінші курсынан бастап ғылыми зерттеулерге қызығушылықтарын ояту. Бұл бағыттағы жұмыстар оң нәтижелерін көрсетуде.

«Саясаттану» мамандығы бойынша бакалавр Арыстан Бектурғанов Халықаралық жас ғалымдар арасындағы «Ломоносов» халықаралық конкурсына қатысып, Ресейдің «Ғылым және ағарту» халықаралық ғылыми серіктестік орталығы ұйымдастырады. Оның ғылыми жұмысы «Саяси ғылымдар» секциясы бойынша жеңімпаз дипломымен марапатталып, байқау мақалалары жинағына жарияланды. Арыстанға жаңа жетістіктер тілейміз.

Зайниева Л.Ю. – саясаттану докторы, профессор
Абжаппарова А.А. – PhD докторы