Уфа ғылым және технологиялар университетінің (РФ) 3-курс аспиранты ғылыми жұмысын таныстыру өткізді.

28 қараша, 2024

27 қараша күні Уфа ғылым және технологиялар университетінің (РФ) «Геоэкология» мамандығы бойынша 3-курс аспиранты Дмитрий Валерьевич Александровтың @dmutruualexandrov ғылыми жұмысын таныстыру өткізілді.

Тақырыбы: «Мұнаймен ластанған техногендік-табиғи ландшафттарды геоэкологиялық бағалау және қалпына келтіру (Башқұртстан Республикасы мысалында)».

  Дмитрий Валерьевичке өзінің ғылыми жұмысы бойынша қызықты әрі мазмұнды таныстырылым өткізгені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Оның ғылыми зерттеулері әрі қарай да табысты болып, үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз. Осындай маңызды тақырыптар бойынша болашақта да сәтті жұмыстар жалғасын таба берсін!