Жемқорлықпен күрес – біздің басты парызымыз

25 қараша, 2024

      2024 жылдың 25 қарашасында Геодезия және Картография мамандығының 1-курс студенттерімен "Жемқорлықпен күрес – біздің басты парызымыз" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара тұрақты даму мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылды. Студенттер жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс әсері туралы талқылады. Сондай-ақ, оның алдын алу жолдары мен әдістері қарастырылды. Дөңгелек үстел барысында ашық пікірталас өтіп, нақты ұсыныстар айтылды. Іс-шара студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.