А.Гаршинның диссертациясын алдын ала қорғауы
2024 жылғы 29 қарашасында «8D05104 - Генетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Гаршин Александр «Алматы облысы тұрғындарының генетикалық мәртебесіне хлорорганикалық пестицидтердің әсері» тақырыбында диссертациясын алдын ала қорғады.
Зерттеудің мақсаты – Алматы облысының елді мекендерінде тұратын адамдар арасында пестицидтердің ұзақ мерзімді әсерінің қаупін когорттық және жеке деңгейлерде бағалау. Бұл жұмыста токсикалық заттарға ұзақ уақыт ұшыраған адамдар когортасының молекулярлық-эпидемиологиялық зерттеуі үшін пестицидтердің әсерінің жеке қаупін бағалауды алғаш рет енгізілді. Зерттеу нәтижелері пестицидтердің ластануының халыққа ықтимал медициналық және генетикалық қауіптерінің толығырақ талдауын ұсынады, мұнда адамның жеке физиологиялық және өмірлік ерекшеліктері, мысалы, жас, жыныс, салмақ, темекі шегу, алкоголь ішу және т.б. ескеріледі.
Диссертациялық жұмыс сонымен қатар 3 «Денсаулық пен әл-ауқат» тұрақты даму мақсатының (ТМД) аспектілерін қарастырады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы